Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

«Теплокоммунэнерго» МКК ұжымымен Жаңа Конституция жобасы талқыланды

5-03-2026, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Жалпыұлттық коалиция мүшесі Нұргүл Тау «Теплокоммунэнерго» МКК ұжымымен кездесті.

Жиында коалицияның өңірлік филиалы мүшелері Қуаныш Сүлейменов пен Наталья Перцева сөз сөйлеп, ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнына тоқталды. Нұргүл Тау жаңа Конституцияның елдің тұрақты дамуына, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.

Спикерлердің айтуынша, конституциялық реформалар қоғамдағы әділеттілікті нығайтып, әр азаматтың әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасайды. Сондай-ақ олар референдумның маңыздылығына тоқталып, азаматтарды 15 наурызда өтетін жалпыұлттық дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ұжым мүшелері өз пікірлерін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив