Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

6-03-2026, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Инвестициялық штаб отырысында стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың өзекті мәселелері қаралды.

Отырыс барысында экономиканың негізгі салаларындағы, оның ішінде жаңартылатын энергетика, тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ химиясы, сондай-ақ көлік және логистика салаларындағы жобаларды жүзеге асырудың ашық мәселелері талқыланды.

Ірі инвестицияларды тарту тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мемлекет пен инвестордың өзара міндеттемелерін бекітетін және жобаларды жүзеге асырудың құқықтық тұрақтылығын қамтамасыз ететін Инвестициялар туралы келісім негізгі құралдардың бірі болып саналатыны атап өтілді.

Жалпы алғанда, инвестициялық штабта қаралатын мәселелер туындайтын кедергілерді жедел шешуге және өнеркәсіптік әлеуетті дамытуға әрі ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал ететін инвестициялық бастамаларды тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив