Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
457.99 534.15 5.47

Елордада ардагерлер Жаңа Конституция жобасын талқылады

6-03-2026, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері, өңірлік ардагерлер кеңестерінің төрағалары және қоғам қайраткерлері қатысты.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ата Заңына өзгерістер енгізу жөніндегі 2026 жылғы 15 наурызға жоспарланған республикалық референдум мәселелері талқыланды. Қатысушылар құжаттың мемлекет негіздерін нығайтуға және ел дамуының стратегиялық бағытын айқындауға бағытталғанын айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдап, алдағы референдумға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығын ерекше атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив