Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
493.85 571.78 6.25

8 наурыз мерекесіне орай Президенттің атынан мемлекеттік наградалар табысталды

Кеше, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан түрлі салада еңбек етіп жүрген әйелдерге мемлекеттік наградаларды табыстады. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ғылым, мәдениет, ақпарат, архив және музей ісі салаларының, сондай-ақ қоғамдық институттардың өкілдері елдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін жоғары наградалармен марапатталды.

Салтанатты іс-шарада Аида Балаева мерекенің айрықша маңызын атап өтіп, мұндай марапаттар қазақстандық әйелдердің ерен еңбегіне, олардың кәсіби жауапкершілігі мен өз ісіне деген адалдығына көрсетілген лайықты құрмет екенін айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел алдындағы елеулі еңбектеріңізді жоғары бағалап, сіздерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл мемлекет әйелдердің қоғамдағы рөлін, олардың отбасы құндылықтарын нығайтуға, түрлі салалардың дамуына қосқан үлесін әрдайым жоғары бағалайтынының айғағы деп білемін. Бүгінгі марапат сіздердің жеке жетістіктеріңіз ғана емес, отбасыларыңыздың, балаларыңыздың, ата-аналарыңыздың, әріптестеріңіз бен өздеріңізбен бірге осы жолда келе жатқан ұжымдарыңыздың ортақ еңбегіне көрсетілген құрмет», – деді Аида Балаева.

Үкімет басшысының орынбасары қазақстандық әйелдер қай кезеңде де қоғамда айрықша жасампаз рөл атқарып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жауапкершілігі, іске деген ұқыптылығы және шынайы жанашырлығының арқасында әйелдер кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, мәдени әрі рухани құндылықтарды сақтауға, қоғамдық институттарды нығайтуға және мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

«Құрмет» орденімен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім басшысы Бақытжамал Айтмұхамбетова, Т. Шевченко атындағы мемориалдық музейдің қор сақтау және бұқаралық-экскурсиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Айгүл Балабаева, сондай-ақ Семей қаласындағы Ф. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінің бас қор сақтаушысы Татьяна Титаева марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева, Конфессияаралық және дінаралық диалогты дамыту жөніндегі халықаралық орталықтың бас экономисі Раушан Имантаева, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі жанындағы А. Пушкиннің музей үйінің меңгерушісі Асылжан Мырзаболатова, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қолма-қол ақша айналысы департаментінің банкноттар мен монеталар дизайны басқармасының бас маманы-дизайнері Жанна Нүгербек, сондай-ақ «Хабар» телеарнасының «7 күн» бағдарламасы орыс редакциясының редактор-талдаушысы Алма Оразбаева марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив