Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
493.85 571.78 6.25

Грузия Қазақстанмен агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге зор қызығушылық танытуда

Кеше, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстандағы Грузияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Леван Диасамидземен кездесті.

Кездесу барысында тараптар агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Министрдің айтуынша, екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылы тұрақты оң серпін көрсетіп келеді. Былтыр агроөнеркәсіп өнімдерінің өзара сауда айналымы 77 пайызға өсіп, 116 миллион доллардан асты.

Қазақстаннан Грузияға негізінен бидай мен меслин, айран сарысуы, пияз, шошқа еті және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері.экспортталатын негізгі өнімдері экспортталады.

Айдарбек Сапаров өзара сауда құрылымын әртараптандыруға қызығушылық зор екенін атап өтті.

«Біздің ел азық-түлік өнімдерін жеткізетін негізгі мемлекеттердің бірі ретінде өз орнын нығайтуда. Грузия нарығына астық, ұн, өсімдік майлары, макарон өнімдері, шошқа және қой еті, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер жеткізуді кеңейтуге мүмкіндігіміз бар. Экспорт көлемін одан әрі арттыруға дайынбыз», – деді министр.

Өз кезегінде Леван Диасамидзе де ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ынталы екенін айтты.

«Бірлескен жобаларды дамыту елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық байланыстарға қосымша серпін беретіні сөзсіз», – деді елші.

Екі елдің ветеринариялық қызметтері арасындағы өзара іс-қимыл да арта түсті. Өткен жылдың қаңтар айында Қазақстаннан Грузияға асыл тұқымды және шаруашылық мақсатындағы ірі қара мен ұсақ малды, сондай-ақ союға арналған малды экспорттауға арналған ветеринариялық сертификаттар келісіліп, рәсімделді. Қазіргі уақытта тірі шошқа мен шошқа етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды келісу жұмыстары жалғасып жатыр.

Тараптар бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін де назардан тыс қалдырмады.

2023 жылдан бастап Қазақстан аумағында QVM Technology, Ordabasy Group және «Ервира» компаниялары грузиялық Olive Georgia компаниясымен бірлесіп зәйтүн ағаштарын тәжірибелік түрде отырғызу жобасын іске асырып келеді. Түркістан, Маңғыстау облыстарында және Жетісу облысында 6 мыңнан астам көшет отырғызылды. Алғашқы өнім бес жыл ішінде алынады деп күтілуде.

2030 жылға қарай «QVM Technology» компаниясы Қазақстанда зәйтүнді өңдеп, зәйтүн майын өндіретін зауыт іске қосуды жоспарлап отыр.

Кездесу иелері ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ынталы екендіктерін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив