Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
493.85 571.78 6.25

Сенатта түркі елдерінің азаматтық қорғау саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Кеше, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды кеңейтілген отырыста талқылады.

Келісім түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер мен байқаушы мемлекеттердің аумақтарындағы дүлей зілзалалар мен төтенше жағдайларда әрекет етудің бірлескен тетігін құруға, сондай-ақ басқа елдерге көмек көрсетуге бағытталған. Құжатта өзінің құқықтық субъектісі бар халықаралық ұйым құру көзделіп отыр. Оның қызметі төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде түркі мемлекеттерінің байланыстары мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталатын болады.

Тетіктердің негізгі міндетінің бірі – төтенше жағдайларда жедел әрекет ету, адамдар мен мүлікті құтқару, медициналық және гуманитарлық көмек көрсету, сондай-ақ маман даярлаудың бірыңғай стандарттарын әзірлеу және бірлескен оқу-жаттығулар өткізу болып табылады. Көмек көрсету зардап шеккен мемлекеттің сұрауы бойынша ерікті негізде жүзеге асырылады.

Сенаторлардың айтуынша, келісімді ратификациялау түркі мемлекеттері ұйымы мемлекеттерінің азаматтық қорғау саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға, төтенше жағдайларда әрекет етудің тиімділігін арттыруға және халықтар мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Комитет мүшелері отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив