Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

Көлік министрлігі Huawei компаниясымен ынтымақтастықты нығайтуда

6-03-2026, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Mobile World Congress 2026 халықаралық көрмесі аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Huawei компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжаттың негізгі мақсаты көлік саласында цифрлық шешімдерді енгізу барысында тәжірибе алмасуға бағытталған. Құжат бірыңғай интеллектуалды көлік жүйесін құруды және бұлттық технологияларды қолдануды көздейді.

Ынтымақтастық теміржол, автомобиль, порттық және жүк көліктерін қамтиды. Тараптар жол инфрақұрылымын тиімді басқару, көлік ағындарын үйлестіру және логистикалық түйіндердің өнімділігін арттыру бойынша озық тәжірибемен алмасады.

Халықаралық аренада Меморандумға қол қою Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің стратегиялық бағытын айқындайды. Министрлік заманауи цифрлық технологияларды енгізуге, соның ішінде жасанды интеллект, үлкен деректер және интеллектуалды жүйелерді қолдануға басымдық береді.

Ынтымақтастық Қазақстанның көлік секторының технологиялық дамуына ықпал етеді, оның бәсекеге қабілетін арттырады және жаһандық көлік дәліздеріне интеграциялау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив