Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

Кәсіподақ жетекшілері коалиция құрамында еңбек ұжымымен кездесуде

6-03-2026, 19:30 018.kz

Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасында Қазақстан Конституциясын реформалауды қолдауға арналған кездесу өтті.

Кездесуге облыстық мәслихат депутаты, «Qamqor» Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау саласы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Қайрат Сабыр коалиция құрамында қатысып, еңбек ұжымымен пікір алмасты. Сонымен қатар Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры Талғар Сатыбайұлы Әбілов сөз сөйлеп, жаңа Конституцияның маңызына тоқталды.

Жиын барысында жаңа Конституция жобасының негізгі баптары мен олардың азаматтар мен денсаулық сақтау саласына тигізетін ықпалы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар құжатта адамның өмірі мен денсаулығын қорғауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға ерекше мән берілгенін атап өтті.

Кездесу барысында жаңа Конституция қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты күшейтіп, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге және халықтың өмір сапасын арттыруға негіз болатыны айтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив