Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
457.99 534.15 5.47

Мұхтархан Ділдәбеков: Референдумға қатысу – ел болашағына жауапкершілік

9-03-2026, 15:50 018.kz

Сидней Олимпиадасының және әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, КРЕССШ басшысы, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбеков жаңа Конституция жобасына қатысты өз пікірін білдіріп, ел азаматтарын алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Оның айтуынша, спортта жеңіске жету үшін табандылық пен жауапкершілік қажет болса, қоғам өмірінде де дәл сондай белсенділік керек. Спортшы ретінде ол әрдайым ел намысын қорғауды басты міндеті деп санайтынын атап өтті.

Сондай-ақ Мұхтархан Ділдәбеков мемлекет тағдыры шешілетін маңызды кезеңде әр азаматтың дауысы маңызды екенін айтып, жерлестерін 15 наурызда өтетін референдумға қатысып, өз таңдауын жасауға үндеді.

«Бұл – еліміздің болашағына деген жауапкершілігімізді көрсететін тарихи мүмкіндік. Бірлігімізді көрсетіп, бейжай қалмайық», – деді ол.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив