Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.53 543.73 6.15

Астанада «Таңдамалы шығармалар жинағы» кітабының тұсаукесері өтті

10-03-2026, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі жазушы-публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шархан Қазығұлдың 70 жас мерейтойына орай жарық көрген «Таңдамалы шығармалар жинағы» кітабының тұсаукесері өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, ҚР ҰҒА академигі Бауыржан Омаров мерейтой иесіне Мемлекет басшысының құттықтауын табыс етті. Сондай-ақ қаламгерге ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің, Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаттары табысталды.

Іс-шараға депутаттар, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов, зиялы қауым өкілдері мен жазушылар қатысты.

Жинаққа қаламгердің әр жылдары жазылған көркем және публицистикалық шығармалары кірген. Кітап жеті бөлімнен тұрады. Жинаққа «Күлпет» романы, екі әңгіме, «Оңашадағы онлайн ойлар» туындысы, сондай-ақ билік, әдебиет, өнер және журналистика саласындағы танымал тұлғалар туралы эсселері енген. Сонымен қатар жинаққа портреттер мен «Футбол философиясының фрагменттері» атты туынды кірген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив