Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Қай өңірлерде ЖЭО күрделі жөндеуден өтеді?

10-03-2026, 15:50 018.kz

Биыл еліміздің негізгі өңірлерінде 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.
Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары екі энергоблокта, төрт қазандықта және екі турбинада жүріп жатыр.

«Астана-Энергия» АҚ 2-ЖЭО-сында 2 қазандық агрегаты мен 1 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізіледі. Степногорск ЖЭО-сында күрделі жөндеу 2 қазандық агрегаты мен 2 турбоагрегатты қамтиды.

Ақтөбе ЖЭО-сында 3 қазандық агрегаты мен 4 турбоагрегат жаңартылады. «Қазхром» ЭС-інде бу турбинасын күрделі жөндеу жоспарланған.

Алматы энерготорабында 1-ЖЭО-да қазандық агрегаты мен турбоагрегат жөнделеді. 2-ЖЭО-да қазандық агрегаты мен 2 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жасалады. 3-ЖЭО-да қазандық агрегаты мен турбоагрегат жаңартылады.

Атырау ЖЭО-сында тізімге 3 қазандық пен 2 турбоагрегат енді. Karabatan Utility Solutions-та жоспарда 4 газ турбинасы бар, ТШО ГТЭС-інде газ турбинасын жөндеу аяқталды, тағы 3 турбинаны жөндеу қалды.Өскемен ЖЭО-сында 4 қазандық агрегаты мен 2 турбина жаңартылады.

Согра ЖЭО-сында 3 қазандық пен 1 турбина, ал Риддер ЖЭО-сында қазандық агрегаты және Бұқтырма ГЭС-інде 1 турбоагрегат күрделі жөндеуден өтеді.

Жамбыл ГРЭС-інде жоспарға 2 энергоблокты күрделі жөндеу енгізілген. Тараздағы 4-ЖЭО-да қазандық агрегаты жаңартылады.

Топардағы Қарағанды ГРЭС-інде күрделі жөндеу 3 қазандық пен 2 турбоагрегатты қамтиды. «Qarmet» ЖЭО-де – 1 турбоагрегат, «Qarmet» АҚ 2

ЖЭО-сында — 3 қазандық пен 1 турбина жөнделеді. Қарағанды 3-ЖЭО-сы 2 қазандық пен 2 турбоагрегатты, ал Балқаш ЖЭО-сы — 2 қазандық пен турбоагрегатты қамтиды. Қарағанды ГРЭС-1-інде күрделі жөндеу қазандық агрегаты мен турбоагрегатта жүргізіледі.

«ССГПО» АҚ Рудный ЖЭО-сында күрделі жөндеу қазандық пен 3 турбоагрегатты қамтиды. Екібастұз ГРЭС-1-дің 3 энергоблогы, Екібастұз ГРЭС-2-нің 2 энергоблогы және «ЕЭК» АҚ ЭС-нің екі энергоблогы жаңартылады. Павлодар 1-ЖЭО-сында 3 қазандық, 2 турбина күрделі жөндеуден өтеді. 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО-да 5 қазандық пен 4 турбоагрегат жөнделеді.

Маңғыстау облысында МАЭК-тің 1-ЖЭО және 2-ЖЭО-сында 4 қазандық агрегаты мен 3 турбоагрегат жақсартылады.Петропавл 2-ЖЭО-сында күрделі жөндеу 5 қазандық агрегатын, турбоагрегатты қамтиды.

Жезқазған ЖЭО-сында 2 қазандық күрделі жөндеуден өтеді.

Шымкент 3-ЖЭО-сы қазандық агрегатына күрделі жөндеу жүргізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив