Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
493.85 571.78 6.25

Референдум-2026: халықтың еркін білдіретін маңызды демократиялық тетік

Бүгін, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Шымкент қаласында жалпыхалықтық референдум қарсаңында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы мақсатта «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалициясының мүшелері «Қаратау» өнер мектебінің ұжыммен кездесу өткізді.

Жиынның негізгі мақсаты – Конституцияның жаңа жобасын көпшілікке таныстырып, алдағы референдумның ел болашағы үшін маңызын түсіндіру. Кездесуге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, қалалық коалиция жетекшісінің орынбасары Ербол Байқонысов және қалалық мәслихат депутаты Бақытжан Позилов қатысты.

Кездесу барысында коалиция мүшелері ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мазмұны мен негізгі бағыттарына тоқталып, олардың қоғамның дамуына тигізер ықпалы туралы кеңінен баяндады. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту сияқты маңызды мәселелер түсіндірілді.

Ербол Байқонысов өз сөзінде Конституция – мемлекеттің басты құқықтық тірегі екенін атап өтті.

«Ата заң – елдің дамуы мен тұрақтылығының негізі. Ұсынылып отырған өзгерістер қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайтып, мемлекет пен азаматтардың өзара жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Сондықтан әрбір азамат референдумға қатысып, елдің болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлесін қосуы қажет», – деді ол.

Ал мәслихат депутаты Бақытжан Позилов Конституция жобасын талқылауда қоғамның белсенділігі маңызды екенін жеткізді.

«Референдум – халықтың еркін білдіретін маңызды демократиялық тетік. Сондықтан мұндай кездесулер азаматтардың саяси сауаттылығын арттырып, әр адамның ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауын жасауына мүмкіндік береді», – деді депутат.

Өнер мектебінің қызметкерлері ұсынылып отырған өзгерістерге қатысты өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды. Коалиция мүшелері барлық сауалдарға жан-жақты жауап беріп, референдумның маңызы жөнінде толық ақпарат берді.

Мұндай ақпараттық кездесулер алдағы уақытта да қаладағы түрлі еңбек ұжымдары мен білім беру мекемелерінде жалғасын табады. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив