Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Елімізде референдум күні 10,4 мың учаске жұмыс істейді

10-03-2026, 17:04 018.kz

Қазақстандықтар 10402 учаскеде дауыс бере алады. Бұл жөнінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.

Оның сөзінше, жауапты мамандар еліміздің 20 өңіріне де барып, учаскелік комиссиялардың жұмысымен және референдумды ұйымдастыру барысымен танысқан.

— Дауыс беру учаскелерінің материалдық-техникалық дайындығы, инфрақұрылымдық және ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып жатыр. Сапар барысында анықталған жекелеген техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер сол жерде пысықталып, оларды шешу бойынша тиісті шаралар қабылданды, — деді Н. Әбдіров.

Сонымен бірге ол учаскелік комиссия мүшелерін оқыту жоспарға сай жүзеге асып жатқанын және референдум күніне дейін аяқталатынын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив