Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Еңбек министрлігі мен «PARYZ» әлеуметтік әріптестік мәселелері бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады

11-03-2026, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың ҚР «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер Конфедерациясы Төралқасының төрағасы Жұмабек Жанықұловпен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар әлеуметтік әріптестікті дамыту, еңбек қатынастарын реттеуді жетілдіру және еңбек нарығын жасанды интеллект пен жаңа технологияларды енгізуге бейімдеуге ықпал ететін Ұлттық кәсіптерді трансформациялау орталығын құру мәселелерін талқылады. Орталық құру бастамасын Мемлекет басшысы 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерген болатын.

Түйінді мәселелерді жүйелі түрде талқылау және комиссия отырыстарында қарау үшін шоғырландырылған шешімдер дайындау мақсатында Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия жанынан «PARYZ» конфедерациясының, кәсіподақтар мен мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде еңбек арбитражын құру тұжырымдамасын бірлесіп пысықтауға жеке назар аударылды.

Сондай-ақ, тараптар еңбек қатынастарын реттеуді жетілдіру, оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тарту, еңбек дауларының алдын алу және кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек мәдениетін ілгерілету мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив