Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
491.59 572.16 6.24

Цифрлық реформалар: Қазақстанда мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу жүйесі енгізілді

Бүгін, 16:10 018.kz

Мемлекеттік қызмет кез келген елде мемлекеттік функциялардың тиімді әрі ашық орындалуын қамтамасыз ететін маңызды институт болып табылады. Қазақстанда соңғы жылдары мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау бағытында бірқатар маңызды өзгерістер жүзеге асырылды. Осы реформалардың басты бағытының бірі – мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету.

2024 жылдан бастап елімізде мемлекеттік органдар кезең-кезеңімен жаңа цифрлық жүйеге көшті. Бұл өзгеріс мемлекеттік қызметке қабылдау процесін едәуір жеңілдетіп, үміткерлер үшін тең мүмкіндіктер беріп, ашықтықты қамтамасыз етті.

Аталмыш жүйе үміткерлерге географиялық шектеулерден тәуелсіз, онлайн түрде өтініш беру және іріктеу рәсімдеріне қатысу мүмкіндігін ұсынады. Мемлекеттік қызметке қабылдау процесі «E-kyzmet» жүйесінің ашық порталы арқылы цифрлық форматта жүзеге асырылады. Абай облысының жергілікті атқарушы органдары, мәслихат аппараттары және тексеру комиссиясы 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап іріктеудің жаңа жүйесіне өтті.

Жүйе аясында барлық іріктеу кезеңдері, соның ішінде құжаттарды қабылдау, заңнаманы білуге тестілеу, жеке қасиеттер мен құзыреттерді бағалау, сұхбаттар және практикалық тапсырмаларды орындау электронды түрде жүзеге асырылады. Бұл үміткерлерге уақыт пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттік қызметке қабылдау процестерін тиімді әрі жылдам етеді. Сонымен қатар, тестілеу және конкурс өткізу 24/7 қолжетімді электрондық платформа арқылы жүргізіледі, бұл мемлекеттік қызметке қабылдау процесінің ашықтығын арттырады және азаматтардың сенімін күшейтеді.

Бүгінгі таңда   бұл жүйе мемлекеттік қызметке қабылдау процесін ашық, түсінікті және қолжетімді етіп, үміткерлер үшін барынша тиімді жағдайлар жасайды. Тәуелсіз комиссиялар мен сарапшылардың қатысуы арқылы процестің объективтілігі қамтамасыз етілуде.

Сонымен қатар, үміткерлер дәстүрлі тестілеу мен сұхбаттан басқа, жеке қасиеттері мен кәсіби дағдылары бойынша да бағаланады. Бұл тәсіл мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесінің әділдігін және бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті реформалаудың жаңа кезеңі – бұл тек қана мемлекеттік қызметке үміткерлер үшін тең мүмкіндіктер жасау ғана емес, сонымен қатар қызметке қабылдау процесін толықтай цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту болып табылады. Енгізілген жаңа жүйе мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттырады, осылайша азаматтардың сенімін күшейтеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив