Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
489.39 567.99 6.19

Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі: Абай облысында коалиция мүшелері азаматтарды референдумға қатысуға шақырды

Бүгін, 10:27 018.kz

Семей қаласында «Семей Водоканал» КМК ұжымымен Жаңа Конституция мен алдағы республикалық референдумның маңыздылығына арналған кездесу өтті.

Кездесуге спикерлер ретінде Мұхамедқали Қасқабаев, Темірлан Бақтияров және Азат Құсайынов қатысып, Конституцияның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлі туралы пікірлерін білдірді.

Коалиция мүшелерінің айтуынша, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, демократиялық институттарды нығайтуға және қоғамдағы әділдік пен теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Ал референдум – халықтың өз таңдауын тікелей білдіретін маңызды демократиялық тетік.

Абай облыстық мәслихатының депутаты Мұхамедқали Қасқабаев өз сөзінде Конституция тек құқықтық құжат қана емес, сонымен қатар елдің болашақ даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат екенін атап өтті. Оның пікірінше, алдағы референдум – әр азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, өз азаматтық ұстанымын білдіруіне берілген маңызды мүмкіндік.

Жастардың атынан сөз сөйлеген Темірлан Бақтияров конституциялық реформалардың жас буын үшін маңыздылығына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, жаңа өзгерістер жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, олардың пікірлері мен бастамаларының ескерілуіне кең мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жас буынның азаматтық жауапкершілігін арттырып, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуына жол ашады.

Ал коалиция мүшесі Азат Құсайынов референдумның маңыздылығын атап өтіп, халықтың саяси белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі екенін жеткізді. Ол әр азаматтың дауысы елдің ертеңін айқындауда маңызды рөл атқаратынын айтып, тұрғындарды референдумға қатысуға шақырды.

Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, спикерлерге сұрақтарын қойды.

Іс-шара соңында коалиция мүшелері жиналғандарды алдағы референдумға белсенді қатысып, елдің болашағына бейжай қарамауға шақырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив