Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
489.39 567.99 6.19

Абай облысында үш көлік салоны тұтынушылардың құқықтарын бұзды

Бүгін, 11:43 018.kz

Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне қысқа уақыт ішінде әртүрлі автосалондарға қатысты бірден үш шағым келіп түсті. Мәселенің мәні бір – көлік салондары тұтынушылардың наразылықтарына уақытында жауап бермеген.

Департамент қызметкерлері өтініштерді зерделеп, көлік салондарына қатысты жоспардан тыс тексеру тіркеді. Жоспардан тыс тексеру барысында тұтынушының наразылығына 10 күнтізбелік күн ішінде жауап бермеу фактілері расталды, бұл ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 42-4-бабы 2-тармағының талаптарын бұзу болып табылады.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша екі көлік салонына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 190-бабы 5-бөлігінің 3-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Ал үшінші көлік салоны «қайталамалы» құқық бұзушы болып шықты. Көлік салоны бұған дейін де осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылғандықтан, бұл жолы ҚР ӘҚБтК-нің 190-бабы 6-бөлігі бойынша хаттама толтырылды, бұл неғұрлым қатаң жауапкершілікті көздейді.

Сондай-ақ, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Нұсқаманың орындалмауы қосымша жоспардан тыс тексеру жүргізуге әкеліп соғады.

Осылайша, ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңын бұзғаны үшін 3 көлік салоны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив