Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
489.39 567.99 6.19

ІІМ ата-аналарға есірткі қылмысының жасөспірімдерге зияны жайлы ескертті

Бүгін, 12:00 018.kz

Соңғы уақытта кәмелетке толмағандарды есірткі айналымына тарту фактілері тіркелуде. Көбінесе жасөспірімдерге әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы "жеңіл табыс" табу ұсынылады. Оларды жасырын орындарға қойып кетуші ретінде жұмыс істеуге шақырады.

Мұндай ұсыныстарды интернеттегі есірткі-дүкендерінің ұйымдастырушылары таратады. Олар жастардың тез ақша табуға деген қызығушылығы мен сенгіштігін пайдаланып, кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тартады. Жасөспірімдер құқықтық салдарының ауырлығын толық түсінбей, мұндай "жұмысқа" келіседі және іс жүзінде есірткінің заңсыз айналымының қатысушыларына айналады. Ал мұндай қылмыстарды жасағаны үшін заңнамада ересектермен бірдей қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар заңсыз әрекетке тартылған кәмелетке толмағандар көбінесе өзіндік тұзаққа түсіп қалады. Есірткі-дүкендерінің әкімшілері бопсалау мен қорқыту арқылы психологиялық қысым жасап, олардың қылмыстық схемадан бас тартуына жол бермейді және түрлі тәсілдермен жасөспірімдерді есірткі айналымында ұстап қалуға тырысады.

Жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 23 кәмелетке толмаған ұсталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Қылмыстық заңнамаға сәйкес:

– есірткіні заңсыз сақтағаны үшін – 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

– дайындау, тасымалдау және өткізу үшін – 7 жылдан 12 жылға дейін;

– есірткіні насихаттау және жарнамалау үшін – 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Есірткіге байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан бастап, ал жекелеген құрамдар бойынша 14 жастан бастап туындайды.

– Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға мұқият болыңыздар: олардың араласатын ортасына, интернеттегі белсенділігіне және табыс көздеріне назар аударыңыздар. Құрметті жастар! 23 жасөспірім қазірдің өзінде қателік жіберді. Олардың жолын қайталамаңыздар. Денсаулықты, білімді, спортты және заңды табысты таңдаңыздар, – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды қырағылық танытуға және есірткінің таралу фактілері туралы хабарлауға шақырады. Кез келген ақпарат құқық қорғау органдары тарапынан міндетті түрде қаралатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив