Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
489.39 567.99 6.19

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің делегациясы жұмыс сапарымен Моңғолияға барды

Бүгін, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің делегациясы Моңғолияға жұмыс сапарымен барды.

Сапардың негізгі мақсаты – ветеринария және мал шаруашылығы салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттік ветеринариялық бақылауды ұйымдастыру, зертханалық диагностика жүргізу және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.

Сапар барысында Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігіне қарасты Ветеринария бас басқармасының басшылығымен кездесулер өткізілді. Сондай-ақ Ховд және Баян-Өлгий аймақтарының өңірлік ветеринария басқармалары, Мемлекеттік орталық ветеринариялық зертхана және оның филиалдары, мал шаруашылығы субъектілері мен ет өңдеу кәсіпорындарына барды.

Кездесулер барысында ветеринариялық қызметтердің құрылымы, эпизоотиялық мониторинг жүйесі, профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және зертханалық зерттеулер жүргізу мәселелері бойынша ақпарат алмасу өтті.

Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі және мал шаруашылығы өнімдерінің қадағалануын қамтамасыз ету тетіктерін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Моңғолияның құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, эпизоотиялық жағдай бойынша кең көлемде ақпарат алмасу, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін саудалау бағыттары бойынша ортақ мақсаттар нақтыланды.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында жалғасатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив