Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
489.39 567.99 6.19

Арман Шаққалиев сауда саласының үздік қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттар табыстады

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ведомствоның мінсіз қызмет атқарған қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттады.

Министр өз сөзінде саланың дамуына үлес қосып жүрген мамандардың кәсібилігін жоғары бағалап, олардың атқарып жатқан қажырлы еңбектері мен мемлекеттік саясатты іске асырудағы рөлін атап өтті.

Мемлекет басшысының Жарлығымен ерен еңбегі мен қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің іс жүргізушісі Лазьм Мияшева және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК Оқыту бөлімінің басшысы Гүлмира Лесбекова «Құрмет» орденімен марапатталса, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің директоры Қымбат Қойшыбаева, Заң қызметі департаментінің директоры Назгүл Сағнайқызы және «Қазстандарт» РМК Заңнамалық метрология басқармасының басшысы Динара Жұмақаеваға «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.

Сауда саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін Айдана Садықова , Сабина Есимбекова, Гүлнар Рымжанова, Меруерт Тас, Камила Мұхамеджанова, Арайлым Латипова мен Динара Тлегенова, Әсем Нұрғали мен Нұргүл Шодорова, Назигүл Ажмұратова, Айнұр Омарова, Гүлжан Сүйімбаева, Динара Нұрқаева, Айман Ильгундинова және Зәуреш Болатова «Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ, нәтижелі жұмысы үшін Әлия Кулагина, Елена Корякина, Сәния Әкімжан, Қарлығаш Қапарова, Әсем Ғазизова, Салтанат Тұрмұхамбетова, Марьям Махмуд, Дана Баязитова , Әсем Дидарова мен Әсемгүл Нұрмағанбетоваға Алғыс хат табысталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив