Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
489.39 567.99 6.19

ЕШЕБЖ-да еңбек шарттарын тіркеу штаттық режимде жалғасуда

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі HR Enbek порталының штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын және деректерді әрі қарай қабылдауға ешқандай шектеу қойылмағанын хабарлайды.

Бұған дейін еңбек қатынастарын цифрландырып үлгермеген жұмыс берушілер мұны қазір жасай алады: ЕШЕБЖ (Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі) үздіксіз жұмыс істейді және заңнамада белгіленген мерзімнен кейін тіркегені үшін автоматты түрде айыппұл салу қарастырылмаған. Әкімшілік шаралар тек ресми тексеру нәтижелері бойынша ғана қолданылуы мүмкін. Бұл ретте басымдық профилактикаға беріледі: бұзушылықтар анықталған жағдайда алғашқы қадам ретінде фискалдық санкциялар емес, оларды жою туралы нұсқама беріледі.

Жұмыс берушілер жүйеге мәліметтерді уақытылы енгізуді және оларды тұрақты түрде жаңартып отыруды қамтамасыз етуі тиіс.

2026 жылғы 10–11 наурызда пайдаланушылар белсенділігінің артуы (тәулігіне тіркелген шарттар саны 100 мыңға дейін өсуі) жүйеге уақытша жүктеме түсірді. Қазіргі уақытта порталдың жұмысы тұрақтандырылды.

Бүгінде жүйеде 6,5 миллион қолданыстағы еңбек шарты тіркелген. Бұл азаматтарға еңбек өтілін және әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде растауға мүмкіндік береді.

Министрлік цифрландыру үдерістеріне белсенді қатысқаны үшін бизнес-қоғамдастыққа алғыс білдіреді және HR Enbek порталы бойынша тіркеуге қатысты жедел көмек алу немесе сұрақтар туындаған жағдайда 1414 байланыс орталығына жүгінуге болатынын еске салады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив