Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Учаскелер дауыс беруге дайын және заңнама талаптарына сай — Орталық референдум комиссиясы

12-03-2026, 17:26 018.kz

Учаскелерде мүгедектігі бар адамдар үшін барлық жағдай жасалған. Бұл жөнінде Орталық референдум комиссиясы мәлімдеді. 

— Учаскелерде арнайы бұрыштар жасақталған. Олар компьютерлер, лупалар, қосымша жарықтандыру, дауыс беру бюллетеніне арналған Брайль қарпімен трафареттер, сондай-ақ Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудио нұсқасымен жабдықталған. Сонымен қатар ғимараттар пандустармен, кіреберісте тактильдік көрсеткіштермен және ішкі навигациямен қамтамасыз етілген, — делінген ОРК ақпаратында.

Сонымен бірге референдум күні инватакси және сурдоаудармашылардың қызметтері қарастырылады.

Елдің үш өңірінде — Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарында пилоттық жоба жүзеге асырылады. Аталған аймақтарда мүгедектігі бар дауыс берушілер үшін инновациялық шешімдер енгізілген бір учаске жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив