Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
491.68 568.23 6.2

Биыл Абай облысында 13 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған

Бүгін, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. 2025 жылы қойылған міндеттер толық орындалып, негізгі көрсеткіштер жоспардан жоғары деңгейде жүзеге асырылды.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбек баяндады.

– 2026 жылы облыс бойынша 13 324 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Оның ішінде 9 316 адам тұрақты жұмыс орындарына, 4 008 адам уақытша жұмыс орындарына орналастырылады. Бұл көрсеткіштер инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде жаңа жұмыс орындарын ашу, мемлекет субсидиялайтын уақытша жұмыс орындарына жолдау, жаңадан құрылған кәсіпорындардағы жұмыс орындары және жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындары арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар әлеуметтік осал топтағы 205 азаматқа өз ісін бастауға 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі қайтарымсыз гранттар беру жоспарланған. Субсидияланатын жұмыс орындарын құруға қатысты жаңа талаптар енгізіліп жатыр. Енді өтінімдер соңғы 12 ай бойы міндетті зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тұрақты аударып отырған жұмыс берушілерден ғана қабылданады. Сондай-ақ жұмыс берушілердің штаттық қызметкерлер санына қарай ұсынылатын жұмыс орындарының саны шектеледі, - деді басқарма басшысы.

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 27 602 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 18 843 адам тұрақты, 8 759 адам уақытша жұмыс орындарына орналасты. Сондай-ақ 205 азаматқа грант беріліп, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 103 микрокредит рәсімделді.

– Жұмыссыз азаматтарды қолдаудың маңызды бағыты – кәсіптік оқыту. 2026 жылы сұранысқа ие мамандықтар бойынша 280 адамды оқыту жоспарланған. Сонымен қатар Skills Enbek платформасы арқылы онлайн курстар ұйымдастырылып, биыл 950 адамды қамту көзделуде. Аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсету жалғасады. 2026 жылы бұл бағытқа жергілікті бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлініп, шамамен 23 мың адамды қамту жоспарланған. 2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек 14 111 адамға төленді, - деп атап өтті Айман Нұрлыбек.

Сонымен қатар мерекелік және атаулы күндерге орай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 2025 жылы 43 283 азаматқа 1,8 млрд теңге көлемінде төлем жасалды.

Спикердің айтуынша , облыста егде жастағы азаматтарды қолдау шаралары да жалғасуда. Қарағайлы шипажайы базасында жекелеген санаттағы азаматтарға санаторлық-курорттық емдеу ұйымдастырылып келеді. 2026 жылы 1 955 адамды шипажайға жіберу жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив