Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Семейде жылыту маусымы басталғалы бері 132 өрт оқиғасы тіркелді

13-03-2026, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында жылыту маусымы басталғалы бері барлығы 132 өрт оқиғасы тіркелді. Өрттердің басым бөлігі тұрғын үйлерде қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан және жылыту пештерін дұрыс пайдаланбаудан орын алуда.

Қазіргі уақытта көктем мезгілі болғандықтан, күннің жылынуына байланысты пештердің тарту күші төмендеуі мүмкін. Осыған байланысты мамандар тұрғындарға мұржаларды уақытылы тазалап тұрудың маңыздылығын ескертеді. Мұржаларды жылына кемінде екі рет тазалау қажет.

Сонымен қатар, тұрғындарға жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау ұсынылады.

Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының  Инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Нұрлан Қыдырмолдаевтыңайтуынша, тұрғын үйлерде қауіпсіздікті арттыру мақсатында көмірқышқыл газын анықтайтын арнайы датчиктер орнату жұмыстары да жүргізілуде.

- Жеке тұрғын үйлерге көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнату өте маңызды. Бүгін бірқатар үйлерге осындай датчиктер орнатып, тұрғындарға оның қалай жұмыс істейтіні туралы түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бұл құрылғылар төтенше жағдайлардың алдын алуға және адамдардың өмірін сақтауға көмектеседі, – деді спикер.

Мамандар тұрғындарды қауіпсіздік ережелеріне бейжай қарамауға және үйдегі жылыту жүйелерінің жағдайын тұрақты түрде бақылап отыруға шақырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив