Семей қаласындағы №21 орта білім беретін мектепте Жалпыұлттық коалицияның Абай облыстық филиалы мүшелерінің дәстүрлі кездесуі өтті. Жиында спикер ретінде коалицияның өңірлік филиалының мүшелері Марат Құрманбай мен Темірлан Бахтияров сөз сөйледі.
Абай облыстық мәслихатының депутаты Марат Құрманбай білім, ғылым және инновацияны дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, білім саласы – болашақ ұрпақ үшін стратегиялық маңызы бар бағыт. Сондай-ақ ол жаңа Конституция мықты мемлекет пен әділетті қоғам қалыптастыруға, әрбір азаматтың әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ал коалиция мүшесі Темірлан Бахтияров өз сөзінде жастарды қолдаудың маңыздылығына тоқталып, білім мен ғылымға инвестиция салу ел дамуының басты кепілі екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысында спикерлер білім алуға қолжетімділікті арттыру, инновацияларды дамыту және әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған бағдарламаларды күшейтудің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.





