2026 жылдың басынан бері мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 77 мыңнан астам тапсырыс берді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2026 жылдың басынан бері Астана және Алматы қалаларында аталған қызмет 77,2 мың рет көрсетілді, оның ішінде ақпан айында – 38,6 мың рет.
2025 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 489,8 мың рет көрсетілгенін естеріңізге саламыз.
Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметін көрсету жылдамдығы мен сапасын арттыру мақсатында Еңбек министрлігі әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және т. б. мәселелердің болуына байланысты өз сапарларын алдын ала жоспарлап, тапсырыс беруді күтуге тура келеді.
Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды.
Мұндағы басты шарт – сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.
Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы Инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде, жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатыны секілді арнайы нұсқаулар алады.
Биыл Астана және Алматы қалаларында жобаны жүзеге асыру пилоттық режимде жалғасатынын еске саламыз.