Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

Астанада Ақселеу Сейдімбекке арналған кітаптың тұсаукесері өтті

13-03-2026, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында әнші, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Айтбек Нығызбаевтың «Ақселеудің әндері» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Жинаққа жазушы, этнограф-ғалым, композитор Ақселеу Сейдімбектің жазған әндері алғаш рет топтастырылып, ғылыми және ноталық негізде көпшілікке ұсынылды.

Кеш барысында автор кітап жазу тарихымен бөлісті. Қатысушылар жазушының тұлғасы мен шығармашылығы жайлы пікір алмасты.

Іс-шараға мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өнертанушылар мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив