Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
491.29 562.92 6.1

Аягөзде «Айтаңсық» әжелер ансамблінің мүшелері референдумда дауыс берді

Бүгін, 08:04 018.kz

2026 жылғы 15 наурыз күні Аягөз қаласындағы №204 референдум учаскесінде «Айтаңсық» әжелер ансамблінің мүшелері дауыс беріп, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.

Дауыс беру Аягөз қаласы, Абай бульвары, 12 мекенжайында орналасқан «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйі ғимаратында ұйымдастырылған референдум учаскесінде өтті.

Қаланың мәдени өмірінде өзіндік орны бар «Айтаңсық» әжелер ансамблінің мүшелері учаскеге көтеріңкі көңіл күймен келіп, өз таңдауларын жасады. Ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды дәріптеп жүрген өнерлі әжелердің бұл қадамы жас буынға өнеге болып, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымды айқын көрсетті.

Ансамбль мүшелері қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларға белсенді қатысу – әр азаматтың борышы екенін атап өтті. Олардың айтуынша, ел тағдырына қатысты шешімдерге қатысу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.

«Айтаңсық» әжелер ансамблінің мүшесі Айтыман Алабаева:

«Біз, “Айтаңсық” әжелер ансамблінің мүшелері, бүгін арнайы келіп дауыс бердік. Елдің ертеңі, болашағы бәрімізге ортақ. Сондықтан мұндай маңызды күні әр азамат өз таңдауын жасап, ел тағдырына бейжай қарамауы керек деп ойлаймын. Біз әрдайым ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, жастарға үлгі болуға тырысамыз. Бүгінгі қатысуымыз да – сол жауапкершіліктің бір көрінісі. Бірлігіміз бекем, еліміз аман, болашағымыз жарқын болсын», – деді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив