Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

8 қазақстандық ұйым АШМ жанындағы комиссиядан аккредитация алды

29-04-2023, 14:13 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР АШМ жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссиясы бекітілген нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті үш жыл мерзімге келесі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне және өзге де коммерциялық емес ұйымдарға беру туралы шешім қабылдады:

  1. «Қазақстанның астықты қайта өңдеушілер одағы» заңды тұлғалардың бірлестігі;
  2. Ірі қара малдың сүт және аралас тұқымдарының республикалық палатасы (голштин, қара-ала, қырдың қызыл, холмогор, әулиеата, симментал, алатау, швиц, бестужев, монбельярд);
  3. «Қазақстандық қант азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі ассоциациясы» заңды тұлғалардың бірлестігі;
  4. «Агросақтандыру Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі;
  5. «Bastama» бизнеске реттеушілік және салықтық әсерді бағалау институты» Қауымдастығы заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігі;
  6. «Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің Ұлттық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
  7. «Қазақстандық Автокәсіпкерлік Қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі;
  8. «Қазақстан құс өсірушілер одағы» заңды және жеке тұлғалардың бірлестігі.

Ережеге сәйкес, Қазақтың ақбас тұқымды республикалық палатасын аккредиттеуден бас тартты. Бұл бірлестіктің ұсынған материалдары мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлікті алу жөніндегі талаптарға сәйкес келмейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив