Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

Қалбатау ауылында №367 референдум учаскесінде ауыл тұрғындары белсенді дауыс беруде

15-03-2026, 09:32 Думан Кенжеғазыұлы

Қалбатау ауылы, Достық көшесі 92 мекенжайында орналасқан №367 референдум учаскесіне келген ауыл тұрғындары референдумның жауапкершілігін сезініп, жас та, кәрі де белсенді түрде дауыс беруде.

Мәдениет үйіндегі учаске мерекеге айналып, аудандық «Әжелер» хоры көтеріңкі көңіл-күй тарту етті. Көпшілік олардың өнерін жылы қабылдап, қошемет көрсетті. Ардагер өнерпаздар саяси науқан күні қатысушыларға әннен шашу шашып, ізгі тілектерін жеткізді.

«Еліміз тыныш болсын, жұртымыз аман болсын! Еліміздің ертеңі үшін дауыс беріп, таңдауымызды жасадық», – дейді әжелер хорының әншісі Ақбөпе Төраханова.

Келген сайлаушылар әжелердің өнеріне риза болып, өз таңдауларын жасап жатыр. Осылайша ауыл тұрғындары азаматтық белсенділікті көрсетіп, референдумға қатысуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив