Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Аягөздің «такси апасы» Оразхан Манабаева референдумда дауыс берді

15-03-2026, 09:51 Думан Кенжеғазыұлы

Аягөз қаласының 79 жастағы тұрғыны Оразхан Манабаева республикалық референдумда дауыс беріп, белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті. Қала тұрғындары арасында ол көп жылдық еңбегінің арқасында «такси апа» ретінде кеңінен танымал.

Оразхан Манабаева 40 жылға жуық уақыт бойы такси жүргізушісі болып еңбек етіп, қала тұрғындарына адал қызмет көрсеткен. Оның табандылығы мен еңбекқорлығы жергілікті халықтың құрметіне ие болып, көпшілік оны жылы ықыласпен «такси апа» деп атап кеткен.

Қария дауыс беру рәсімін Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Ақтамберді көшесі, 76 мекенжайында орналасқан «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ ғимаратындағы референдум учаскесінде өткізді. Ол референдумға қатысу – әрбір азамат ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсететін маңызды қадам екенін атап өтті.

Айта кетейік, Аягөз ауданында барлығы 40 референдум учаскесі ұйымдастырылған, ал сайлаушылар тізіміне дауыс беруге құқығы бар 39 251 азамат енгізілген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив