Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
491.29 562.92 6.1

Әуезов кентіндегі металлургтер референдумда дауыс берді

Бүгін, 10:17 018.kz

Еліміз үшін маңызды саяси науқан күні Әуезов кентіндегі металлургтер де ұжым болып белсенділік танытып, №373 референдум учаскесінде дауыс берді.

Округ тұрғындарының басым бөлігін өндіріс саласының қызметкерлері құрайтындықтан, кеншілер мен металлургтер саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасады.

Кенші Нұргүл Шегебаева:

Бұл – бүкіл ел үшін өте маңызды қадам. Бүгін біз тарих барысына әсер ететін таңдау жасадық. Дауыс беру арқылы болашағымызды айқындаймыз. Егемен еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін әрбір қазақстандық өз таңдауын жасап, сайлауға қатысуы қажет. Бұл – халықты біріктіретін маңызды саяси науқан. Сондықтан баршамыз бірлік танытып, дауыс беруге белсенді қатыстық, – деді ол.

Референдумға металлургтер мен өндіріс саласының қызметкерлерінің қатысуы азаматтық белсенділіктің айқын көрінісі болып, ауыл мен округтегі елдің саяси санасының жоғары екенін көрсетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив