Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ұрпақтары республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады.
Қарауыл ауылында тұратын Абай әулетінің өкілдері №162 референдум учаскесіне біркісідей бірге келіп, Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша дауыс берді.
Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысу арқылы Абай әулетінің өкілдері азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетіп, қоғамдағы бірлік пен жауапкершіліктің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады. Ұлы ойшылдың ұрпақтары ата-баба аманатына адалдық танытып, ел тағдырына бейжай қарамай, тарихи сәтте өз азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Абайдың ұрпағы, Абай ауданының Құрметті азаматы Құсман Верлишев референдумның маңызы туралы өз пікірін білдірді.
– «Абай атамыз әрқашан ел бірлігі мен халықтың саналы болуын насихаттаған. Бүгін біз сол аманатқа адал болып, ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын референдумға қатысып отырмыз. Әр азамат өз елінің тағдырына жауапкершілікпен қарап, мұндай маңызды науқандардан шет қалмауы керек», – деді ол.