Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.56 530.52 5.28

Шәкәрім университетінің ректоры – Басқарма төрағасы Думан Орынбеков өз таңдауын жасады

15-03-2026, 10:54 SHAKARIM UNIVERSITY

Бүгін республикалық референдум аясында Думан Орынбеков өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділік танытты. Ол Семей қаласындағы референдум учаскелерінің біріне келіп, дауыс берді.

Шәкәрім университетінің ректоры – Басқарма төрағасы ел болашағы үшін маңызды шешім қабылданатын мұндай саяси науқандарға әрбір азаматтың жауапкершілікпен қатысуы аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, референдум – халықтың өз таңдауын жасап, ел дамуына қатысты пікірін білдіретін маңызды демократиялық үдеріс.

Сондай-ақ ол өңір тұрғындарын референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды. Университет ұжымы мен студент жастар да бұл саяси науқанға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтындарын көрсетіп жатқанын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив