Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

Ортақ таңдау: Жаңғызтөбедегі теміржолшылар референдумда дауыс беруде

15-03-2026, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Жаңғызтөбе округіндегі Мәдениет үйінде орналасқан №348 референдум учаскесінде таңғы сағат 7:00-ден бастап дауыс беру белсенді түрде өтіп жатыр.

Ел дамуының маңызды салаларының бірі саналатын теміржол саласының қызметкерлері де саяси науқаннан шет қалмай, сайлау учаскесіне ұжым болып келіп, өз таңдауларын жасауда.

Теміржолшы Азамат Нұрғалиев өтіп жатқан референдумның маңыздылығына тоқталып өтті:

— Біздің таңдауымыз бүкіл халқымыз үшін маңызды. Біз – қазақстандықтар – жарқын болашақты таңдаймыз. Бұл дауыс беру елімізде лайықты заңдар қабылданып, олардың тиімді жұмыс істеуі үшін өткізіліп отыр. Сондықтан біз, теміржолшылар, ұжым болып келіп, өз таңдауымызды жасадық, – деді ол.

Теміржолшылардың белсенділігі өңір тұрғындарының ел болашағына бейжай қарамайтынын және маңызды саяси науқанға жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив