Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.56 530.52 5.28

Әскери қызметшілер – қайырымдылық үлгісі

15-03-2026, 11:43 018.kz

Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай Абай гарнизонындағы 44293 әскери бөлімінің жеке құрамы игі іске атсалысты. Әскери қызметшілер Семей қаласындағы қан орталығына барып, ерікті түрде қан тапсырды. 

Бұл шараның басты мақсаты – қанға мұқтаж жандарға көмек көрсету және қоғамда қайырымдылық мәдениетін насихаттау. Әскери қызметшілер өздерінің азаматтық жауапкершілігін сезіне отырып, мұқтаж адамдардың өмірін сақтап қалуға үлес қосуды парыз санайды.

Игі шара барысында бөлімнің бірқатар әскери қызметшілері ерікті түрде донор болып, қан тапсырды. Осындай қайырымдылық шаралары әскери қызметшілердің тек ел қауіпсіздігін қорғап қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласып, адамдарға қол ұшын созуға әрдайым дайын екенін көрсетеді.

Айта кетуіміз керек, Наурызнама аясында ұйымдастырылған бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табады.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив