Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Аягөзде референдум учаскесінде ұлттық күй орындалды

15-03-2026, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

2026 жылғы 15 наурыз күні Аягөз қаласындағы №204 референдум учаскесінде қала өнерпаздарының қатысуымен шағын музыкалық бағдарлама ұйымдастырылды.

Референдум учаскесіне келген тұрғындарды ұлттық өнердің әуенімен қарсы алып, оркестр қазақтың дәстүрлі күйлерін орындады. Бұл шара учаскеде ерекше рухани әрі мәдени атмосфера қалыптастырды.

Бағдарлама барысында халыққа кеңінен танымал ұлттық күйлер орындалып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қала тұрғындары ұлттық өнерді тамашалай отырып, қоғамдық маңызы зор саяси науқанға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Мұндай мәдени бастамалар референдум күні қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтып, ұлттық мәдениетті дәріптеуге ықпал етеді. Сонымен қатар, ұлттық музыка мен өнердің үндестігі маңызды күннің мән-маңызын арттыра түсті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив