Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.56 530.52 5.28

Қарағайлы ықшам ауданында сайлаушылар белсенділігі жоғары

15-03-2026, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Қарағайлы ықшам ауданында орналасқан №479 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген тұрғындар саны көп. Қала тұрғындары отбасыларымен келіп, маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді қатысуда.

Учаскеде іскерлік әрі көтеріңкі көңіл күй қалыптасқан. Дауыс беру үдерісі талапқа сай ұйымдастырылып, сайлаушылар өз таңдауларын еш кедергісіз жасап жатыр. Тұрғындардың белсенділігі олардың ел өміріндегі маңызды оқиғаларға бейжай қарамайтынын көрсетеді.

Көптеген сайлаушылар референдумға отбасымен келіп, азаматтық жауапкершіліктің үлгісін танытуда. Бұл өз кезегінде қоғамдағы бірлік пен ортақ жауапкершілік сезімін айқындай түседі.

Еске сала кетейік, референдум учаскелері таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында тұрғындар келіп, өз азаматтық таңдауларын жасай алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив