Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

№93 референдум учаскесінде құқықбұзушылық тіркелген жоқ

15-03-2026, 20:09 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласындағы №93 референдум учаскесінде дауыс беру процесі заң талаптарына сай, ұйымдасқан түрде өтті. Учаскеде ешқандай құқықбұзушылық тіркелген жоқ.

Бұл туралы аталған референдум учаскелік комиссиясының төрағасы Имдат Эфендиев мәлімдеді. Оның айтуынша, дауыс беру барысы ашық әрі тәртіпке сай ұйымдастырылып, барлық рәсімдер заңнамаға сәйкес жүргізілді.

Сондай-ақ комиссия төрағасы учаскеде азаматтардың белсенділігі жоғары болғанын атап өтті. Күні бойы тұрғындар өз таңдауларын жасау үшін келіп, елдің қоғамдық-саяси өміріне жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті.

Учаскеде бақылаушылар мен комиссия мүшелері бірлесе жұмыс істеп, дауыс беру процесінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив