Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

Еліміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Олжас Бектенов

16-03-2026, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.

Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, Мемлекет басшысының ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына жаппай қолдауын білдірді.

Біз сіздермен бірге ауқымы мен мән-маңызы тұрғысынан ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның тікелей куәгері болдық.

Президентіміз  атап өткендей, қазақстандықтар жаңару мен жаңғыру үшін дауыс беріп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлестерін қосты.

Әділетті әрі Өркендеген Қазақстанның жаңа тарихы ұлттық дәстүріміз бен мәдениетімізді ұлықтап, тек демократиялық құндылықтар негізінде қалыптасуда.

Жүргізіліп жатқан өзгерістердің сапасы мен даму қарқынын қамтамасыз ете отырып, бәріміз бірге алға қойылған мақсат-міндеттерге қол жеткізетінімізге сенімдімін.

Барша қазақстандықтарды Отанымыздың Бірлігі мен Тәуелсіздігінің және Егемендігінің символы болып табылатын жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив