Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.56 530.52 5.28

Абай кітапханасында «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті

16-03-2026, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласындағы Абай кітапханасында ұлы ойшыл, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын жас ұрпақ арасында насихаттауға арналған IV республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Аталған жоба Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен жүзеге асуда. Тағлымды шараға «Байрим фастфуд» орталығы, «Abay Media Group» ЖШС, «Жасмин» студиясы  демеушілік көрсетіп, байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар тарту етті. «Байрим фастфуд» орталығы жас қатысушыларға мерекелік дастархан жайып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Байқауға Абай облысының аудандары мен Семей қаласындағы мектептердің 5–8 сынып оқушылары арасынан іріктелген 16 оқушы қатысты. Олар ақын өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқып, сахна мәдениеті мен ұлттық киім үлгісін сақтай отырып өнер көрсетті.

Қазылар алқасының құрамында Шәкәрімтанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрдықұл Шаңбай, Абай музейі директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева және ақын Бауыржан Игілік болды.

Нәтижесінде І орынды Аягөз ауданының оқушысы Аружан Сқақ иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. ІІ орын Семей қаласының оқушысы Ерке Қанатоваға, ІІІ орын Абай ауданының оқушысы Мейіржан Әлібекке бұйырды. Ал ынталандыру сыйлығы Кәусар Тілекқызына табысталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив