Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
439.37 498.6 5.22

Антикор Абай облысының білім беру саласына сыртқы талдауды бастады

1-05-2023, 12:05 Думан Кенжеғазыұлы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс әкімдігімен бірлесіп білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.

Талдау 2023 жылғы 25 сәуірден 8 маусымға дейінгі кезеңде білім басқармасының, қалалық және аудандық бөлімдердің, сондай-ақ білім беру мекемелерінің қызметін қамти отырып жүргізілетін болады.

Талдау объектілердің ұйымдастыру-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға бағытталған. Қаржыландыру, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша ақпарат пен ұсыныстарды жинақтау үшін antikor.abai@mail.ru электрондық поштасы қызмет етеді.

Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына 1424 нөмірі бойынша 24/7 режимінде хабарласуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив