Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
439.37 498.6 5.22

Абай облысының Антикоры жапа шеккен кәсіпкерлерге қорған болмақ

1-02-2023, 15:20 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру шеңберінде, адал бизнесті мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласудан қорғауды қолға алды.

Негізгі мақсат, бизнесті бастауға және жүргізуге мемлекеттік қызметтерді, рұқсат құжаттарын алу кезінде туындайтын әкімшілік кедергілерді анықтап, оларды жою.

«Атамекен» ҰКП, жергілікті атқарушы органдар мен бизнес қоғамдастықтардың өкілдерінен жиналған өңірлік мобильдік топ құрылды.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлердің негізгі проблемалық мәселелерінің тізімі қалыптастырылуда, осыған байланысты Антикор өңір кәсіпкерлерін ашық диалог пен сындарлы өзара іс-қимылға шақырады.

Толық ақпаратты келесі телефон нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы білуге болады: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының қабылдау бөлмесі: 77 02 05, кезекші бөлім: 77 01 64, эл.пошта: antikor.abai@mail.ru

Департамент басшылығы күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін азаматтардың әрқайсысын тыңдауға, нақты мәселелерді шешуге атсалысуға дайын.

Департамент мекенжайы: Семей қаласы, А. Байтұрсынов көшесі, 36.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив