Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
476.27 515.47 5.41

Сенаторлар Палатаның алдағы отырыстарының күн тәртібін бекітті

2-05-2023, 15:54 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата Бюросының отырысында депутаттар 4 және 11 мамыр күндері өтетін Сенат отырыстарының күн тәртібін бекітті.

Соған сәйкес 4 мамыр күні сенаторлар «Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Құжатта қарастырылған нормалар кедендік транзит кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу кезінде қолайлы жағдайлар жасауды көздейді. Келісімді ратификациялау арқылы ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал етеді және тауарды тасымалдау жағдайы жақсарады деп күтіліп отыр.

Ал, 11 мамыр күні болатын Сенат отырысында депутаттар «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды. Заң авторлық құқықтың бұзылуына қарсы іс-қимылдың құқықтық тетіктерін қалыптастырады, сондай-ақ ТМД елдерінің өзара сауда-экономикалық және мәдени байланыстарын кеңейтуге ықпал етеді.

Сонымен қатар Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты Комитеттеріне бөлініп берілді.

Суретті түсірген: Н. Байбулин

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив