Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
473.13 554.08 6.13

Семейде жаз мезгілінде ыстық су кезең-кезеңімен беріледі

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында жылыту маусымы аяқталғаннан кейін тұрғындарды ыстық сумен қамтамасыз ету кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл туралы қала әкімі Әділет Қожанбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.

Қала бойынша ыстық су бірнеше жылу көздері арқылы беріледі. Атап айтқанда, сол жағалауда ЖЭО-1 арқылы 252 көпқабатты тұрғын үй қамтылады. Оң жағалауда Ғаббасов қазандығынан – 186 үй, «МЭН» қазандығынан – 43 үй, ал РК-3 арқылы 120 тұрғын үйге ыстық су жеткізіледі.

– Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін ыстық сумен қамтамасыз ету кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл жұмыстар жылу инфрақұрылымының мүмкіндіктерін ескере отырып ұйымдастырылады, – деді қала әкімі.

Семей қаласында барлығы 1588 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 1317 үй орталық жылыту жүйесіне қосылған. Қазіргі уақытта 697 тұрғын үй ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қосылған.

Ішкі кварталдық жылу желілерін жаңғырту жұмыстарына байланысты 96 көпқабатты тұрғын үйде ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қызмет толық қалпына келтіріледі.

Жазғы мезгілде 601 көпқабатты тұрғын үй, яғни 40 мыңнан астам абонент ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Ал 620 тұрғын үйде ыстық сумен жабдықтау жүйесі әлі тартылмаған. Бұл бағытта инфрақұрылымды кезең-кезеңімен дамыту жұмыстары қарастырылған.

Қала әкімінің айтуынша, алдағы кезеңде жылу инфрақұрылымын жаңғырту және оның қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив