Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Ертіс өзенінің экожүйесін сақтау үшін 6,3 млрд текше метр су жіберіледі

Бүгін, 13:10 018.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі Абай облысы аумағындағы Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзені бассейнінің экожүйесін қолдау және сақтау үшін қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарын бастады. Жалпы алғанда су қоймасынан 6,3 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр.

Су жіберу жұмыстары 4 мамырға дейін жалғасады. Негізгі кезеңі 30 сәуірге дейін өтеді. Осы уақыт аралығында су жіберу көлемі секундына 2000-3500 текше метрді құрайды. Ең жоғары көлем секундына 3500 текше метр болады. Бұл көлем 10 тәулік бойы жіберіледі.

Су жіберу басталғанға дейін Шүлбі су қоймасынан төмен орналасқан өзен арнасында дайындық жұмыстары жүргізілді.

«Табиғат қорғау мақсатындағы су жіберу жыл сайын жүргізіледі. Бұл шаралар балықтардың уылдырық шашуына қолайлы жағдай жасау, жайылма жерлерді сумен қамтамасыз ету және Павлодар облысы ауыл шаруашылығы үшін мал азығын өндіруді қолдау мақсатында қажет», - деді Ертіс бассейндік су инспекциясының басшысы Медет Жәдігерұлы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив