Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Сенатта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң таныстырылды

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның таныстырылымы өтті.

Заңның негізгі тұжырымдамалық ережелері туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов хабардар етті.

Таныстырылым барысында атап өтілгендей, ұсынылып отырған нормалар сервистік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің жаңа моделіне көшуді, сондай-ақ кадрлық процестерді кәсібилендіру және цифрландыру есебінен мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруды көздейді.

Талқылау аясында әзірлеуші Заңдағы мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру тәртібін жетілдіруге, персоналды басқарудың заманауи тетіктерін енгізуге және мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға бағытталған жаңашылдықтар туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға басымдық бере отырып, тәртіптік практиканы жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік органдарда тиісті қызмет құруға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Заңда кадрларды іріктеу мен бағалаудың цифрлық құралдарын енгізу, тәлімгерлік институтын дамыту, сонымен қатар білікті мамандарды, соның ішінде мемлекеттік емес сектордан тартудың қосымша тетіктерін қалыптастыру қарастырылғаны айтылды.

Комитет мүшелері Заңда ұсынылған нормалардың өзектілігі мен дер кезінде қолға алынғанын атап өтті. Бұл шараларды іске асыру мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив