Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.52 553.75 6.15

Абай облысының әкімі Берік Уәли Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Фото: egemen.kz

Бүгін, 12:46 018.kz

«Ұлылар шоғырының тағы бір қасқа тұлпары қара нардай бұрылып, бұрынғылар түскен жолмен кете барды…

Өмірі күрестерге толы, жыры ерлік рухтың қайнар бұлағындай болған қазақтың қадірлісі Мұхтар аға Шаханов өмірден озды…

Қазақ әдебиеті аяулы ақынынан айырылып, қара жамылды. Көкірегі қарс айырылған қалың оқырманға, тұтас түркі жұртына, көңілі қаяу қалың қазақ еліне қайғыра көңіл айтамын.

Мұхтар ағамыз жарты ғасыр бойы ұлттың рухын көтеріп, қазақ жырының беделіндей асқақтап, адал сөйлеген ерекше тұлға еді. Қаншама буын оның жыры арқылы жүрегіне кісілік сәулесін ұялатып, санасын ұлттық рухқа толтырды. Апайтөс алып далада оның қайталанбас жырларын жаттамаған ұрпақ кемде-кем.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Мұхтар ағамыздың осы еңбегін ескеріп, еліміздің ең жоғары марапаты – «Еңбек Ері» атағын тапсырған кезде қасында болып, қолтығынан демеп, орнымыздан бірге тұрған едік…

Ол өлең көшін қыр асырған классик ақын ретінде халқымыз үшін өлшеусіз олжа еді. Алайда ағамыз алмағайып заманда халқы үшін қаһарман қайраткер де, сақа саясаткер де бола білді. Ұлтының жоғын түгендер кезеңдерде бой тартып қалған кезі болған жоқ. Мұның өзі кейінгі буынға, қалың жұртшылыққа қайталанбас өнеге деп білемін.

Бұрынғылардың «Жақсы бір өлмес болсайшы» дейтін қамырықты сөзі, асылында, осындай асылдарды қимаған көңілден туған пайым ғой. Бірақ Алланың бұйрықты күні келгенде, адам атаулының барар жері – бауыры суық қара жер. Енді Алаш баласына ақынның отты жырлары демеу, өнегелі істері медеу болмақ.

Бақұл болыңыз, қазақтың қайраусыз алдаспаны!»,- делінген көңіл айту жеделхатында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив