Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.52 553.75 6.15

Еңбекпен елге сыйлы азамат құрметке бөленді

Бүгін, 13:55 018.kz

Шаруашылықтың жай-жапсарын жетік меңгерген қарапайым еңбек адамы – «Юбилейный» шаруа қожалығының басшысы, Абай облысы мәслихатының депутаты Мамырбек Қарашев жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды. Мемлекет басшысының Жарлығымен оған «Құрмет» ордені табысталды. Мерейлі марапатты Абай облысының әкімі Берік Уәли тапсырды.

Көлденең ауылында орналасқан «Юбилейный» шаруа қожалығы 1996 жылы құрылған. Бүгінде шаруашылықта 100-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы жер көлемі 17 387 гектарды құрайды. Оның ішінде 5 мың гектары егістік, 602 гектары шабындық, 11 785 гектары жайылымдық алқаптар.

Егістік алқаптарында бидай, арпа, сұлы және күнбағыс өсірілсе, қосымша көпжылдық шөптер де егілген. Сонымен қатар, қожалықта мал шаруашылығы да жүйелі түрде дамып келеді. Жалпы мал басы 752-ге жетеді. Оның ішінде 40 ірі қара, 500 жылқы, 200 қой-ешкі және 12 түйе бар.

Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы да нығайған. Қожалық қарамағында 60-қа жуық ауыл шаруашылығы техникасы жұмыс істейді. Оның қатарында 30 трактор, 6 комбайн, «Джуля» себу кешені, тұман бүріккіші, «АГС» маркалы топырақ тегістегіштер мен «Макино» сығымдағыштары бар.

Шаруашылық басшысы Мамырбек Қарашев ауылдың әлеуметтік дамуына да ерекше көңіл бөліп келеді. Оның жеке қаражаты есебінен ауылдық клуб, мешіт және қатымхана салынып, ел игілігіне берілген. Сонымен қатар, серіктестік қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға тұрақты түрде қолдау көрсетуде.

Еңбекке адалдық пен елге жанашырлықтың үлгісін көрсеткен азаматтың бұл жетістігі – ауыл шаруашылығы саласындағы табанды еңбектің айқын көрінісі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив