Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.87 540.72 6.16

Қазақстан мен Франция атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Әсет Махамбетов пен франциялық Орано Майнинг компаниясының бас атқарушы директоры Ксавье Сан Мартан Тийе (ORANO Group) арасында кездесу өтті. Аталған отырысқа  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өкілдері де қатысты.

Кездесу қатысушылары 1996 жылы құрылған КАТКО бірлескен кәсіпорны уран өндіру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жетекші үлгісі екенін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде атом саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары, оның ішінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, сондай-ақ білікті мамандар даярлау мәселелері де талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті нығайтуға өзара ұмтылыстарын растап, бірлескен жұмысты әрі қарай жалғастыру туралы келісімге келді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив